Құрметті Әріптестер!
Сізді және Сіз басқарып отырған ұжымды келе жатқан 2026 Жаңа жылымен шын жүректен құттықтаймын!
Қиындықтарға қарамастан, сіздердің кәсібиліктеріңіз бен ортақ іске деген жауапкершіліктеріңіздің арқасында вагон жөндеу саласы тұрақты дамып, елеулі үлес қосуда.
Жаңа 2026 жыл әр шаңыраққа шаттық пен жылулық, әр ұжымға табыс пен береке, алға қойған мақсаттарыңызға жетуге жаңа күш пен шабыт әкелсін.
Денсаулықтарыңыз мықты, еңбектеріңіз жемісті болып, әр күніңіз қуанышқа толы болсын!
Алдағы 2026 жыл біз үшін жаңа жетістіктерге, игі бастамаларға және жемісті ынтымақтастыққа толы болады деп сенемін.
Жаңа жыл құтты болсын! Ақ жол, мол ырыс тілеймін!
Ізгі тілекпен,
«Қазақстан вагон жөндеу
кәсіпорындары қауымдастығы»
ЗТБ Бас директоры С.К. Төлебаев
+ 7 (7172) 612 226, +7 (7172) 612 044
kavp2020@mail.ru

kavp2020@mail.ru
kavp.kz
