Құрметті әріптестер! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – халқымыздың еркіндігі мен бірлігінің, ұлы мұраттарға жетудегі табандылығының символы. Сіз басқарып отырған кәсіпорын ел экономикасының дамуына зор үлес қосып келеді. Еңбегіңіз әрқашан жемісті, кәсіби жетістіктеріңіз жоғары болсын!
Сізге мықты денсаулық, сарқылмас қуат, жаңа белестер мен табыстар тілеймін. Еліміз аман, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!