«Қазақстан вагон жөндеу кәсіпорындары қауымдастығы» ЗТБ атынан және жеке өз атымнан Сіздерді және барша жұмысшыларды, депо ардагерлерді «ЖамбылРемСервис» ЖШС құрылғанына 100 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын!

Оқиғалар мен жетістіктерге бай тұтас дәуірді қамтитын бұл уақыт компания қызметкерлері үшін қайтпас қайраттылық пен шыдамдылықтың сынағы болды.

Осы жылдар ішінде сіздер қилы жолдардан асып өттіндер: кәсіпорынның негізін қалауынан бастап оның дамуы мен жаңаруы, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, вагондарды жөндеу саласында инновациялық технологияларды енгізу арқылы, бүгінгі күні Қазақстандағы ірі вагон жөндеу кәсіпорындарының біріне жеткізді.  

Осыдан 100 жыл бұрын қаланған даңқты еңбек дәстүрлері бүгінде «ЖамбылРемСервис» ЖШС ұжымына жаңа өндірістік белестерді бағындыруға, заман көшіне ілесіп, еліміздің теміржол саласын нығайтуға көмектесуде.

Осы уақытқа дейінгі жиналған кәсіби тәжірибелерініз жаңа жобаларды және жоспарланған мақсаттарыңызды жүзеге асыруға ықпал етсін.

Сіздің компанияңызға сенімді клиенттермен ұзақ мерзімді серіктестік, одан әрі даму және өркендеу, осыған қоса Сіз басқарып отырған кәсіпорын ұжымына бақыт, денсаулық және гүлденуін тілеймін!

 

FaLang translation system by Faboba